Бос орындар

Бос орындар

  •  Ішкі аудит қызметінің аудиторы

    Лауазымды сипаттау

    Бос лауазымы

    Аудитор

    Құрылымдық бөлімше

    Ішкі аудит қызметі

    Локациясы

    Нұр-Сұлтан қ, Қазмедиаорталығы, Д. Қонаев к-сі, 4

    Бос орынның типі

    Тұрақты

    Мөлшерлеме

    1 мөлшерлеме (толық)

    Жұмыс кестесі

    9.00 – 18.00, сенбі, жексенбі – демалыс

    Еңбекақы

    Сөйлесу кезінде жеке талқыланады 

    Лауызымдық міндеттер

    1) Қоғамдағы тәуекелдерді басқару рәсімдері мен тәуекелдерді бағалау әдіснамасының қолданылуы мен тиімділігіне бағалау жүргізеді;

    2) Қоғамдағы ішкі бақылау жүйесінің барабарлығы мен тиімділігіне бағалау жүргізеді;

    3) Қызметтің Жылдық аудиторлық жоспарына сәйкес Қоғамның бизнес-үдерістерін Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық келісімдердің, Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын сақтау, сондай-ақ реттеуші және қадағалау органдарының нұсқауларын және Қоғам органдарының шешімдерін орындау мәніне тексеруді жүргізеді;

    4) Қоғам бөлімшелерінде Қызмет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызмет көрсетеді және олармен келіссөздер жүргізудің бастамашысы болуға құқылы;

    5) Қоғамның ішкі құжаттарын және ішкі аудит жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды және Қызмет қызметіне қатысты басқа да құжаттарды әзірлеуге қатысады;

    6) Қызметтің қызметінде Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген бірыңғай базалық стандарттар мен ішкі аудит процедураларының қолданылуын қамтамасыз етеді.

    Кандидаттарға қойылатын талаптар

    Білімге қойылатын біліктілік талаптары 

    Экономика және қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе құқықтану саласындағы жоғары білім

    Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары 

    Аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы, және/немесе құқықтану саласындағы жұмыс тәжірибесі – кемінде 3 (үш) жыл. Аудит саласында тәжірибесі бар кандидаттарға артықшылық беріледі.

    Сертификаттар

    Дипломды ішкі аудитор (СІА/IFA) және/немесе дипломды ақпараттық жүйелердің аудиторы (CISA) сертификаты және/немесе Сертификатталған алқабилер қауымдастығының сертификаты (АССА), сондай-ақ қажет болған жағдайда комплаенс (ICA) бойынша сертификаты болуы қалаулы.

  •  Жетекші заң кеңесшісі (декреттік демалыстағы қызметкердің орнына)

    Лауазымды сипаттау

    Құрылымдық бөлімше

    Құқықтық қамтамасыз ету департаменті

    Локациясы

    Нұр-Сұлтан қ, Қазмедиа орталығы, Д. Қонаев көш, 4

    Жұмыс кестесі

    9.00 – 18.00, сенбі, жексенбі – демалыс күндері

    Еңбекақы

    Сөйлескен кезде жеке талқылау

    Қызметке қойылатын біліктілік талаптары

    Білімі

    ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес «Құқық»  мамандық тобы бойынша жоғары білім

    Тәжірибелік өтілі

    Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 3 (үш) жылдан кем емес болуы тиіс. Акционерлік қоғамдардың заң, құқықтық қызметтерінде және (немесе) квазимемлекеттік секторда жұмыс тәжірибесі бар кандидаттарға артықшылық беріледі.

  •  Талдау және жоспарлау бөлімінің менеджері

    Лауазымды сипаттау

    Құрылымдық бөлімше

    Маркетинг және даму департаменті

    Талдау және жоспарлау бөлімі

    Локациясы

    Нұр-Сұлтан қ, Қазмедиа орталығы, Д. Қонаев көш, 4

    Жұмыс кестесі

    9.00 – 18.00, сенбі, жексенбі – демалыс күндері

    Еңбекақы

    Сөйлескен кезде жеке талқылау

    Қызметке қойылатын біліктілік талаптары

    Білімі

    ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Гуманитарлық ғылымдар» мамандықтар тобы бойынша жоғары білім.

    Бейіндік білімі болмаған жағдайда 5 (бес) жылдан кем емес тиісті жұмыс өтілі талап етіледі.

    Тәжірибелік өтілі

    Маркетинг, әлеуметтану, менеджмент, экономикалық және (немесе) медиа жоспарлау, стратегиялық даму саласындағы еңбек өтілі кемінде 1 (бір) жыл болуы тиіс.

  •  Сату бөлімінің менеджері

    Лауазымды сипаттау

    Құрылымдық бөлімше

    Маркетинг және даму департаментінің сату бөлімі

    Локациясы

    Нұр-Сұлтан қ, Қазмедиа орталығы, Д. Қонаев көш, 4

    Жұмыс кестесі

    9.00 – 18.00, сенбі, жексенбі – демалыс күндері

    Еңбекақы

    Сөйлескен кезде жеке талқылау

    Қызметке қойылатын біліктілік талаптары

    Білімі

    ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Гуманитарлық ғылымдар» мамандықтар тобы бойынша жоғары білім («Маркетинг», «Менеджмент» және т.б.)

    Менеджмент саласында қосымша дайындықтың болуы қалаулы.

    Бейіндік білімі болмаған жағдайда 5 (бес) жылдан кем емес тиісті жұмыс өтілі талап етіледі.

    Тәжірибелік өтілі

    Маркетинг, жарнама, менеджмент, сату саласындағы құжатпен расталған жұмыс өтілі 1 (бір) жылдан кем емес. B2B секторында сату тәжірибесі қалаулы.

Қызметкерлерді басқару департаменті

«Хабар» «Агенттігі»

Д. Қонаев көшесі, 4

тел. 8 7172 553 495

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.